Америкалық журналистер Yes Theory жобасы шеңберінде Қазақстанда өткен ғасырда болған ядролық сынақтар жайлы деректі фильм түсіріп, youtube-арнада жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бүкіл картадан жойылған, Жердегі ең ядролық орындағы 50 сағат” деп аталатын деректі фильмді үш күннің ішінде 1 миллионнан астам адам қараған. Фильм Қазақстан тарихындағы ядролық сынақтар кезеңін сипаттайды.
Америкалық журналистер Кеңес одағының АҚШ-пен қарулы сайыс кезіндегі 465 ядролық және сутегі бомбаларын жасап, сынап, жарып жіберген жерге барған. Жергілікті тұрғындар эксперименттер туралы білмегенін, бірақ кейінірек оның салдарымен бетпе-бет келгенін айтады. Түсірілім тобы осы уақытқа дейін сақталған радиоактивті көлдер мен бункерлерді көрсетеді.
Журналистер тобы жарылыстарға куә болған адамдармен сөйлеседі. Олардың кейбірі ешқашан камерада сөйлемеген.