Андрей Жистовский. Сал ауруы өмірден үміт үзуге себеп емес

317
көрілім

Андрей Жистовский Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 1988 жылы 24 қазанда дүниеге келген. Бала кезінде қойылған қорқынышты диагноз біреу үшін өмірдің қатал үкімі болса да, тек Андрей үшін емес. Оның ұраны: «Қозғалыс – бұл өмір».

Андрейдің гитара ойнап үйренбек болғанда, оны музыкалық мектепке қабылдағылары келмеген. Алайда туған-туыстары қолқа салған еді. Гитара сыныбын Андрей үздік аяқтап шықты.

Бала кезінен бастап ол ешқашан қиындықтан қашқан емес. 11 жыл үйде оқуға тиісті болса да, ол мектепке барды, кейін университетке журналистика мамандығына оқуға түсіп, үздік диплом алып шықты.

Андрейдің студенттік өмірі аса мазмұнды, қызыққа қанық болды. Ол өзінің музыкалық рок-тобын құрып, көптеген тамаша әндер жазды. Топ түрлі концерттерге қатысып, фестивальдерге баратын. Мұның барлығы Андрейдің арқасы еді. Ол облыстық драма театрының режиссеры Олег Маципулоның жетекшілігімен өтетін театр студиясында сабақ алуға да уақыт табатын.

Андрейдің бағындырған шыңдарына келетін болсақ, ол тау-тасқа, табиғатқа шығуға әрдайым дайын.

Диплом қолға тиген соң, Андрей тағы қиындыққа тап болды. Адамдар оның ел қатарлы жұмыс істей алатынына сенім білдірмейтін. Бірақ бұл тығырықтан да шығар жол табылды. Андрей мерекелер ұйымдастыратын өзінің фирмасын ашып алды.

Андрейдің тағы бір жақсы көретін ісі – спорт. Ол Павлодарда өткен төрт параолимпиадалық ойындарға және ҚР чемпионатына қатысып үлгерді. Бұл жетістіктермен тоқталып қалмайды. Елдегі параспорттың дамуына қолдау көрсетпекші.

Андрейдің басты қасиеттерінің бірі – ол өзіне ғана емес, маңайындағы адамдарға да бақыт тілейді. Бірінші кезекте ол өзінің жағдайына ұқсас күйге тап болған адамдарға көмек қолын ұсынуға тырысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға олардың мүмкіндіктерінің шексіз екенін көрсете біледі.

Жуықта Андрей Жистовский досымен бірге құрылыс компаниясын ашып, директордың қызметі атқаруда. Үміттен қол үзбейтін басшысы бар компанияның бағындырар белесі көп болатыны сөзсіз.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.