Ант қабылдады

597
көрілім

Өскеменде еліміздің түкпір-түкпірінен әскер қатарына шақырылған 200-ден астам сарбаз Ұлттық Ұлан қатарында Әскери Ант қабылдады, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

№5518 әскери бөлімінде өткен салтанатты шараға жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Қабылдаған антты абыроймен атқарып шығу үшін бұл сарбаздар бір жыл бойы облыс орталығында қоғамдық тәртіпті күзететін болады. Қазіргі таңда Ұлттық Ұлан өкілдері өңірдегі патрульдік қауіпсіздік қызметінің ажырамас бөлігіне айналды деуге болады.

– Бүгінге дейін №5518 әскери бөлімінің жауынгерлік құрамы 50 қылмыстың бетін ашып, 852 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесіпті. Осы ерліктері үшін марапат та алып жүр, – дейді Ұлтттық Ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

Асқар ТҰМАРБЕК