Аңыз бойынша Сібе көлдерінің бірінің түбінде алтын мүсін көмілгенін білесіз бе?

628
көрілім

Сібе — қалалықтар мен облыс қонақтары үшін сүйікті демалыс орындарының бірі. Туристік базалардың көбі осы жерде шоғырланған. Бірақ қала тұрғындары жылы суға шомылып, әсер жинап, түтінге тұншыққан өкпелерін хош иісті даланың емдік ауасымен толтырып қайту үшін бір күнге де келе алады.

XVII ғасырда Садыркөл көлінің маңында жоңғар тайшысы Аблай салған буддалық монастырь орын тепкен екен. Монастырь мықтап бекітілген. Әлі күнге дейін оның бекініс қабырғаларының қалдықтары мен үйілген іргетасын көріге болады. Буддалық монахтар мен Аблайдың жауынгерлері нені қорғаштады екен?

Аңыздарға сенсек, ақ кірпіш ғибадатханасының жылтыр ақшыл көк түсті жабынқыштан жасалған шатырының астында Будданың адам бойымен бірдей таза алтыннан құйылған мүсіні тұрған. Одан бөлек ғибадатханада басқа да көптеген қазыналар болған: ежелгі бұрама қағаздар, діни заттар, бай үй жабдықдықтарының бөлшектері.

Жоңғарлар кеткеннен кейін, монастырь біртіндеп құлдырай бастап, ақыр соңында қирап қалды. Ал алтын Будданы, қауесетке сенсек, көлдің түбіне жасырған.