ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі превенция басқармасы басшысының сөзінше, халықтың сауаттылығын көтеруге бағытталған шаралардың жиі өткізілуі күн тәртібінен түспеуі тиіс, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көпшілік осындай акциядан шет қалмауы үшін алдымен әлеуметтік желілер арқылы хабарландырулар жарияланатын көрінеді.
– Бастысы, қала, өңір тұрғындары күнделікті өмірде байыбына жете алмай жүрген сауалдарға жауап таба алады. Бүгінгі шараға 40-тан астам мемлекеттік орган өкілдері қатысуда. Әзірге келіп жатқан қара саны аз емес. Ең соңғы тұрғын келіп, өтініш-талабын айтып болғанша акция жалғасын табады, – деді Архат Бейсембаев.
Жалпы, ұйымдастырушылар осындай шара форматының Қазақстанда ғана емес, ауқымы мен географиясы бойынша әлемде теңдесі жоқ екендігін айтты.