Археологтар ШҚО-да бұрын-соңды анықталмаған 20-ға жуық мәдени ескерткіш тапты

100
көрілім
фотосурет «Берел» қорық-музейінің мұрағатынан
Археологиялық жоба Алтайдағы ортағасырлық және ежелгі мұраларды зерттеу мақсатында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Бүгінде қазба жұмыстары Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша осы аумақта ертеде мекен еткен елдімекендердің, қыстақтар мен жерлеу орындарының іздері табылған. Қола дәуірінен бастап әртүрлі дәуірлерге тиесілі 14 қоныста қазба жұмыстары жүргізілді.
 Ең бай ескерткіштердің бірі-ерте темір дәуірі қонысы. Мұнда шағын металлургиялық кешен анықталды.
- Қазба жұмыстары кезінде бірқатар ерекше жәдігер: ежелгі түріктердің белдік иірілген жіптері, Пазырықтардың зергерлік бұйымдары, қыш ыдыстар, ерте түркі және сақтардың ат әбзелдері, Қимақ кезеңінің тұрмыстық бұйымдары, сондай-ақ түрлі монеталар мен жебе ұштары табылды, - делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінде.