Ресми мәліметке сәйкес, осы бойынша ведомстволық сараптаманың оң қорытындысы алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Расул Қарабалиновтің сөзінше, «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Белқарағай ауылының кіреберісіндегі автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттама әзірленіп, ведомстволық сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жоба құны - 157 296,894 мың теңгені құрайды.
- Аршаты (744 206,252 мың теңгеге), Өрнек (113 281, 001 мың теңгені) ауылдарының кіреберісіндегі автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттама әзірленіп, ведомстволық сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аршаты ауылының кіреберісіндегі жолды жөндеуге 157,0 млн. теңге бөлінді, - деді әкімнің міндетін атқарушы.
Әділхан ЕСІМХАНОВ