Арыстағы жарылысқа байланысты қауырт желі жұмыс жасайды

453
көрілім

Арыс қаласындағы оқиғаларға байланысты Алматы, Шымкент қалаларында қауырт байланыс желілері іске қосылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайды.
Шымкент қаласындағы 8/7252/44-94-72 телефон нөмірі бойынша тәулік бойы қажетті ақпаратты ала аласыздар.
Сондай-ақ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде де «Шұғыл желісі» ұйымдастырылды. 8 (727) 278-20-83, 278-20-84.