Аз қамтылған отбасылардағы балалар үшін Кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізу ұсынылады. Бізде 2 миллионға жуық адам АӘК алады, олардың 1 млн. балалар, сонымен қатар, олардың 68% -ы көп балалы отбасылардан.
Сонымен, арнайы әлеуметтік карталар арқылы мемлекеттің жеңілдігі берілген отбасы балаларына АӘК аударуға болар еді, ол қаражатты тек мектептегі тамақтануға жұмсауға болады. Бұл аз қамтылған көпбалалы отбасылардың балаларын тамақпен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыс сияқты жүреді.
Сонда, осы механизм аясында мемлекеттік органдар мен мектептерде тамақты тендер арқылы қамтамасыз ететін компаниялар арасында шарттық қатынастар қарастырылады.
Бұл бізге мектеп мәзірін бақылауға мүмкіндік береді. Мемлекет АӘК аясында бөлінген қаражаттың балаларды тамақтандыруға бағытталатынына сенімді болып, олардың нақты нені жейтініне, ас мәзірі толыққанды және пайдалы ма, соған нақты көз жеткізеді.
Егер бала мектепте қалыпты тамақтанса, демек, оның денсаулығына байланысты ешқандай проблема туындамайды. Бұл өте маңызды дүние.