Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуға қатысты сұрақтарға жауап береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
– 2020 жылғы 9 сәуірде сағат 13:00-14:00 аралығында Асхат Аймағамбетов фронт-офис операторларымен бірге 1450 нөмірі бойынша ведомствоның call-орталығына түскен қоңырауларды қабылдап, қашықтан оқу тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап береді, – делінген министрлік таратқан хабарламада.