ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Абай облысы әкімінің өкімімен Ақсуат ауданының әкімі қызметіне Асхат Смаилов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Асхат Сайдахметұлы – 1968 жылдың 1 наурызында Абай облысы, Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша оқып бітірген.
1991-1994 жылдары Семей облысы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістердің түсуіне болжау және экономикалық талдау бойынша аға экономисі, 1994-1996 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің салықтарды болжау бөлімінің меңгерушісі, 1996-1997 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1997-2002 жылы Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі басшысының орынбасары-бюджет бөлімінің басшысы, 2002-2005 жылы Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, 2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары болды.
2007-2009 жылдары Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
16.02.2009-23.12.2009 Көкжыра ауылдық округінің әкімі, 2009-2010 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2018 жылы Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, 2018-2020 жылы Көкпекті ауданының әкімі.
2020 жылдан қазіргі қызметке дейін Тарбағатай ауданының әкімі болып еңбек етті.