Өткен сенбіде ШҚО Көпсалалы Онкология және Хирургия орталығында асқазан-ішек жолдарының обырын ерте анықтауға бағытталған ашық есік күні өтті. Таңғы сағат 9-дан басталған іс-шараға аймақтың 100-ден астам адамы қатысып, өз денсаулықтарының жағдайын тексертті.
Бұл күні Онкоорталықтың білікті мамандары онколог-дәрігерлердің, торакальді және абдоминальді хирургтер мен онколог- гепатолог мамандарға тегін қаралып, тексеруден өіп, олардың кеңесіне жүгінді.
Келгендер көбінесе келесі жағдайлар мазалайтынын айтты, асқорыту органдары қызметінің бұзылуы; тамақ ішу кезінде жайсыз (дискомфорт) сезіну;
- Қыжыл, жүректің айнуы; қаназдық (анемия), белгісіз себептермен арықтап кету және тез шаршау.
Нәтижесінде 11 адам ультадыбыстық, 29 адам эндоскопиялық зерттеулерден өтті. Оларың ішінде 8 адамда обырға күдітің бары және 59 адамнан өзге де аурулар анықталды.
Айта кетейік, Ашық есік күндері орталықтағы дәстүрлі шаралардың бірі. Ағымдағы жылдың көлемінде 7 Ашық есік күні өткізілді.