Аспанға атылған оқ: Алтай ауданы тұрғындарынан қару тәркіленді

427
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының басында Алтай аудандық полиция бөліміне белгісіз біреу Тұрғысын ауылында көшеде оқ атылғандай дыбыс естігенін жеткізген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айтылған жерге келген учаскелік полиция инспекторы істің мән-жайын тексере бастайды. Көп ұзамай 36 жастағы ер адамның үйіне қонаққа келген 36 жастағы Снегирево ауылының тұрғыны оған 5,6*28 мм калибрлі «Белка-3» ойықты винтовканы бергені анықталды. Қолына мылтық тиген 36 жастағы ер адам қаруды тексеру үшін ауаға оқ атқан.

Баллистикалық сараптамаға сәйкес бұл ойықты винтовка тегіс ұңғылы, дәлірек айтқанда, зауыттық әдіспен жасалған, оқ атуға жарамды «ИЖ 56-3» калибрлі 5,6 мм, 28 ММ атыс қаруы болып саналады.

Тексеру барысында ҚР ІІМ базасында қару тіркелмегендігі, сондай-ақ ұсталған ер адамдар қару иесі ретінде Алтай аудандық полиция бөлімінде есепте тұрмайтындығы анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.