Елордада 21-25 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтпек. Шара барысында арнайы құрылған концерттік бағдарламада қала тұрғындары мен қонақтары ШҚО тумасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның өнерін тамашалай алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
21-24 шілде күндері Бәйтерек алаңы мен Студенттік саябағының сахнасында ШҚО әртістері өз өнерлерін паш етеді. Сондай-ақ, шара барысында «Ата-бабалар мұрасы» археологиялық артефактілердің көрмесі де ұйымдастырылмақ.
23 шілдеде кезекті іс-шара сағат 15.00-де басталады. «Қазанат» ипподромында астаналықтар «Этноаул» Ұлттық-мәдени кешенін тамашалай алады.
Ал 25 маусым күні сағат 21.00-де «ЭКСПО-2017» аумағындағы амфитеатрда эстрада жұлдыздарының қатысуымен «НҰРЛЫ ШЫҒЫСТАН – НҰРЛЫ ӘЛЕМГЕ НҰР ШАШУ» атты концерт өтпек.