2017 жылы қазақстандықтар Астана күні мерекесіне орай төрт күн демалады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
6 шілде – Астана күні биыл бейсенбіге келіп тұр. 1 шілде сенбі болса да, жұмыс күні ретінде белгіленіп отыр. Есесіне, қазақстандықтар мерекеге сәйкес, шілде айының 6-9 аралығында, яғни бейсенбіден жексенбіге дейін қатарынан 4 күн бойы демалады.
Естеріңізге сала кетсек, 1997 жылдың 20 қазанында еліміздің астанасы Алматыдан Астана қаласына көшірілген болатын.