Катонқарағай ауданының қорықты аумақтарына баруды туристерге, оның ішінде шетелдіктерге қолжетімді ету жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мамандар сөзінше, шетелдіктер мен Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары Катонқарағайға Алматы мен Астанадан тікелей жету үшін жеңілдетілген логистика қажет. Екі қаладан ұшатын тікелей рейстер аталған аудандағы аэродром қайта жөндеуден өткен соң ашылуы мүмкін. Бұл жұмысты ірі халықаралық қонақүй бизнесі операторы «Pana Asia» компаниясымен бірлесіп жүргізуді жоспарлап отыр. Аталған мәселе қазір республикалық деңгейде шешілуде.
- Бүгінде Катонқарағай ауданының әкімдігі ауданның жер бедері, температуралық жағдайы, жел бағыты мен жер асты суларының деңгейі туралы мәліметтерді жинауда. Бастапқы деректер дайын болған соң «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ мен «Қазаэронавигация» РМК мамандары жобаға сәйкес ұшу-қону жолағының ұзындығы мен пайдаланылатын әуе кемелерінің түрлерін ұсынады, - деп мәлімдеді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.