Елордада «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің аясында 2017 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы аймақтарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Осы орайда 1-2 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысы Астана қаласында өз өнімдерін ұсынайын деп отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жәрмеңке «Қазақстан» СК аумағында өтеді (Қ.Мұңайтпасов көшесі).
Астана қаласының тұрғындарына ет-сүт өнімдері, құс еті, балық, ұлттық тағамдар, қымыз және т.б өнімдер ұсынылады. Барлығы 300 тонна тауар сатылымға қойылады. Өнімдердің бағасы саудадағы бағадан 10-15%-ға арзанырақ.
Сондай-ақ шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына Шығыс Қазақстанның үздік әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылатын болады.