Атың қалды мәңгілікке жаңғырып (өлең)

597
көрілім
Фотосурет - kk.wikipedia.org сайтынан.

(Махамбет Өтемісұлына)

Ертеңгі елдің өрнекті еттің өрісін,

Сан бүліктен сақтау үшін ел ішін.

Махамбеттей қадірлейік батырды,

Он бесінде жауға шапқан елі үшін.

 

Батыр деген ат қалдырып артыңа,

Кір келтірмей асыл, таза нарқыңа.

Қазағым деп қару алып, қан кешіп,

Мәңгі азаттық сыйлап кеттің халқыңа.

 

«Құстан туған қасиетті Құмайым»,

Мәңгілікке атың қалды ләиім.

Сен аңсаған ғұмырлы боп азаттық,

Қабыл етсін тілегіңді Құдайым.

 

Шексіз сүйген туған елін, даласын,

Батыр бабам басқалардан дарасың.

Жыршылығың өз алдында бір төбе,

Батырлығың алынбайтын дара шың.

 

Батырлықпен өнер шамын жандырып,

Ұрпағыңа мұра етіп қалдырып.

Кеткеніңмен мына жарық фәниден,

Атың қалды тарихта мәңгілік.

Бекболат Марғұлан

Ұлан аудандық «Балалар шығармашылық үйі» «Жас қаламгер» үйірмесінің шәкірті. Ұлан ауылы С. Аманжолов атындағы білім ордасының 11 сынып оқушысы. «Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі Зяшхан Құмар.