Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыс және орталықта атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып өтуі мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары, және Алматы облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с жел болуы мүмкін.