Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Республиканың солтүстік, солтүстік батыс және орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола, Солтүстк Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман болуы мүмкін.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болып, күндіз найзағай ойнайды.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.