Ауа райы: Шілденің 17 күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

350
көрілім

Шілденің 17-сі күні республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болады, сол себепті осы күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.


Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы да ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.
Түнде жене таңертең Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20м/с жылдамдықпен есіп, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.
Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары мен Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.