Жарма ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды газет тілшісі ҚР Ұлттық Қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қараша айының 9 күні Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов жер учаскесін ұзақ мерзімге жалға алу құқығын қайта рәсімдеу туралы мәселені шешу үшін кәсіпкер Л.-дан 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
– Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ҚР Ұлттық Қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі, – Нұрлан Сыдықов уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Айта кету керек, Нұрлан Бәтташұлы 2015 жылдың 13 қазанында Жарма ауданының әкімі лауазымына тағайындалған. Осыған дейін 2013-2015 жылдар аралығында Бесқарағай ауданының әкімі болған.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ