Аула жолдарын кеңейту арқылы көлік тұрағын жасатуға бола ма?

617
көрілім
Ауламызға көршілерімізбен бірлесіп ішкі жолдарды сәл кеңейтіп шағын автокөлік тұрағын жасатпақшы едік. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Аулада автокөлік қоятын орындарды жасату үшін басқа тұрғындардың рұқсаты керек пе? Қажет болса, бұл жұмыстарды қалай және кім арқылы жүргізе аламыз? Қай мекемеден қандай құжат алуымыз керек?

Өскемен қаласынан тұрақты оқырман

Пәтер иелері кооперативінің жалпы жиынының хаттамасында тұрғындардың 2/3-сі қол қоюлары керек, — делінген Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің ресми сайтында. — Ары қарай сәулет және қала құрылысы бөліміне жүгіну қажет. Ол жерде автотұрақ жасаудың мүмкіндігі анықталып, сол маңнан өтетін инженерлік коммуникациялардың сызбасы қоса беріледі. Сызбаны онда көрсетілген мекемелермен, соның ішінде Өскемен қалалық ІІБ Әкімшілік полициясы бөлімімен келісу керек. Ең соңында қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүгініп, жол құрылысы жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуыңыз керек.

Азамат Темірбеков