Ауылдарды аралады

259
көрілім
Фотосурет Parlam.kz сайтынан

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Нұртай Сабильянов ШҚО ауылдарын аралап, халықпен кездесті.

Тұрғындармен кездесуде Нұртай Сабильянов әлеуметтік-экономикалық мәселелер, соның ішінде автомобиль жолдарын жөндеу, тұрғын үй салу және тұрғындарды жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету сияқты бірқатар мәселелерге назар аударды. Сондай-ақ мемлекеттік экономиканы карантин зардаптарынан қалпына келтіру бойынша қабылдаған шараларға байланысты және соған сәйкес әлеуметтік саланы дамыту, аз қамтамасыз етілген азаматтарға қамқорлық жасау, білім беру және медициналық мекемелерге көмек көрсету мәселелері де қамтылды.

– Тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету, электр энергиясын жеткізуді арттыру, көмір бағасы, тұрғын үй салу, жолдарды жөндеу және пошта байланысын жақсарту ерекше назарда, – деді Нұртай Сабильянов.

Сапар барысында депутат Абай ауданының Қарауыл ауылында жергілікті тұрғындарымен кездесіп, Аягөз қаласында дәрігерлермен жүздесті. Бұдан бөлек, Өскеменнен 570 шақырым жерде орналасқан Алғабас, Қайнар, Абыралы ауылдарын аралап көрді.