Облыс әкімі жуықта байланыс операторлармен кездесіп, интернет мәселесін талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстандағы жетекші байланыс операторлары орнатылған жабдықтың электр желілеріне жақындығын айтып, шекара маңындағы аудандарға интернет жүргізу үшін барлық қажетті техниканың бар екеніне сендірді.
- Өз тарапымыздан биыл 12 антенна-діңгек құрылысын орнатамыз. Халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамту бойынша жұмыстарды жалғастыруға дайынбыз. Бұл әсіресе, облыстың туристік аймақтарына апаратын трассаларда және іс-жүзінде туристік базаларда байланыстың болуына қатысты, - деді байланыс операторлары.
Бұл ретте аймақ басшысы интернет тартудағы қауіпсіздік те ұмытылмауы тиіс екенін айтты.
- Біріншіден, барлық елдімекендер интернетпен қамтамасыз етілетін 2027 жылды күте алмаймыз, процесті жеделдету мақсатында тиісті шаралар қабылдауымыз керек, - деді Ермек Беделбайұлы.