Аягөз ауданы ауыл шаруашылығы индексі жоғары 10 өңірдің арасында көш бастауда

762
көрілім

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 374,9 млрд.теңгені, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі 372,7 млрд.теңгені көрсеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыс бойынша нақты көлем индексі жоғары 10 өңір белгіленген. Ең жоғары көрсеткіш Аягөз (106,4%), Бесқарағай (106,1%) аудандарында. Одан кейінгі тізімді Абай (105,9%) және Үржар (104,8%) аудандары жалғады.

Жалпы облыста мал және құс өсірумен 203 кәсіпорын айналысады. Одан басқа 6000-нан аса шаруа қожалығы мен 76 мың жеке қосалқы шаруашылық бар. Қосалқы шаруашылықтарда облыс малының – 44,2%-ы, шаруа қожалықтарында – 49%-ы, кәсіпорындарда – 6,8%-ы өсіріледі.