Бұл туралы аудан әкімдігі ұсынған мәліметте жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл Аягөз ауданы бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты, қысқа мерзімді оқу курстарына облыстық бюджеттен 80 адамға 22249,0 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі «Арғанат» оқу орталығы арқылы 70 адам төменде көрсетілген 7 мамандық бойынша білім алды:
- Шаштараз
- Ветсанитар
- Газды электрлі дәнекерлеуші
- Тігінші
- Аспазшы
- Бет әрлеуші
- Тракторшы