Аягөз ауданында атыс қаруынан үш адам жарақат алды

1076
көрілім

Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде маусымның 13-нен 14-не қараған түні тегіс ұңғылы атыс қаруынан үш адам жараланған. ҚР ҚК 293-бабы (атыс қаруын пайдалану арқылы денсаулыққа зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, 1978 жылғы Ақтоғай кентінің тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бір топ ер адамдар отырыс жасап, ішімдік ішкен. Мұның соңы жанжалға ұласып, топ ішіндегі бір жігіт тегіс ұңғылы атыс қаруымен бір рет атып, бытыра оқтар үш адамды да жаралап кеткен.

Полиция қызметкерлерімен күдікті мас күйде ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Оның атыс қаруын заңсыз сақтағаны анықталып отыр – дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінде.

Оқ тиген үш адамның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Қазіргі уақытта аталған іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.