Аягөз ауданында «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 120 миллион теңге игерілді

4203
көрілім
Шартты сурет

Аталған бағдарламаға сәйкес Аягөз ауданы Мамырсу ауылында үш көшеде ұзындығы 4500 метр болатын (С.Ғаббасов, А.Көшкімбаева, Қасабай батыр) жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімдігіндегілердің айтуынша, жобаның мердігері «СМК Шебер» ЖШС. Жалпы игерілген сомма 120 млн теңге, оның 108 миллионы республикалық, 12 млн теңгесі облыстық бюджеттен бөлінді.  Жаңа көше-2 көшесінде 2300 метр жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліді. Жобаның мердегері «Гордорстрой» ЖШС, 171,479 млн.теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, толықтай игерілді.
- Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы - 410,7 шақырым. Жазғы күтіп ұстауға 57,789 млн теңге игерілді. Атқарылған жұмыстар: қиыршық тас төгіп жолды тегістеу, жол жиегінде шөптерді шабу, жолды профильдеу жұмыстары. Қысқы күтіп ұстауға 11,99 млн теңге бөлінді. Жобаның мердігері «Су» КМК, -  делінген мәліметте.
Бұдан бөлек, «Аягөз-Тарбағатай», «Аягөз-Ақшәулі», «Аягөз-Баршатас» субсидиялау бағыттары бойынша «Оспанов» ЖК қызмет көрсетеді. Барлығы 43830 адам тасымалданып, 33,429 млн теңге игерілді.
Қалаішілік бағыттар бойынша «Автобус парк» ЖШС қызмет көрсетеді. Аягөз қаласы бойынша АӘК алатын көпбалалы аналардың 500 баласына облыстық бюджеттен 3,877 млн теңге, 70 жастан асқан 850 зейнеткерге жергілікті бюджеттен 10,936 млн теңгеге, сондай-ақ АӘК алатын 70 көпбалалы анаға жергілікті бюджеттен 1,805 млн теңгеге тегін жол жүру билеттері берілді.