Аягөз ауданында мал ұрлаған екі ер адам ұсталды

885
көрілім

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы барысында Аягөз қаласының маңынан екі бас ірі қара малды ұрлап, сатуға апара жатқан 2 күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Аягөз ауданының полициясы «Алматы-Өскемен» тасжолында 24 жастағы жүргізушінің басқаруындағы УАЗ жүк көлігін тоқтатты. Көліктің артқы жағын тексеру кезінде тиісті құжаттары жоқ екі ірі қараның еті табылған.

Тергеу барысында ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні қатты қарлы боран кезінде Шынқожа ауылының тұрғындарына тиесілі екі бас ірі қара мал жоғалып кеткені анықталды.

Бейсауат жүрген малды Аягөз ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің жұмысшылары байқап, қораға қамап алған. Екі күн бойы олар малды жабық қорада ұстайды. Жұмысшылардың бірі ұсталған көлік жүргізушісі болып шықты.

22 қараша күні таңертең жұмысшы өзінің серіктесімен бірге малдарды сойып, етін Аягөзге сату үшін бет алған.

Түсініктеме алу кезінде заттай айғақтар табылып, күдіктілер қылмыстарын мойындады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.