Аягөз ауданында мұқтаж жандарға жан-жақта көмек көрсетілуде

4339
көрілім

Nur Otan партиясы атынан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидат Қ.Оспанов Аягөз қаласының әлеуметтік аз қамтылған тұрғыны, 2-ші топтағы мүгедектігі бар баланың анасы Айгерім Жүнісбаевамен кездесті.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар алдағы уақытта көмекке мұқтаж отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетілетіндігі жеткізілді.

- Осы уақытқа дейін Nur Otan қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Коронавирус пандемиясы кезінде де талай игі шаралар атқарылды. Атап айтқанда, мәжбүрлі демалыстағы 8,2 мың қызметкерге 42500 теңге төленіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 2,2 мың адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды. Ауданның 4,6 мың тұрғынына коммуналдық шығындар төленіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Biz birgemiz» акциясы аясында 1,9 мың адамға 50 000 теңгеден берілді, - деді Қ.Оспанов.

Өз сөзінде ол партия әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесін де ерекше назарға алып отыр.

- Сондықтан сіздерді 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік!, - деп кандидат өз сөзін қорытындылады.

Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы cайлау қорының қаражатынан төленді