Аягөз ауданында Тәуелсіздік күніне орай денсаулық саласының қызметкерлері марапатталды

792
көрілім

Аудан әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, аталған шара аудандық ауруханада ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі Сейілбек Ықсқақовпен қатар аудандық мәслихат хашысы да қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, ауданымызда бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Сондай салтанатты шараның бірі аудандық ауданаралық ауруханасында ұйымдастырылды.  Салтанатты жиынға Аягөз ауданының әкімі С.Ысқақовпен аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Досиханов қатысып, денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерін құттықтап, ҚР Президентінің Жарлығымен берілген «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Еңбек ардагері», «Халық алғысы», «Денсаулық саласының үздігі» төс белгілерін және алғыс хаттар табыстады.