Бұл туралы аудан басшылығы ұсынған ақпаратта жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған шараға аудан әкімі Сейілбек Ысқақов, ұстаздар қауымы және өзге де меймандар қатысты.
- Бүгін білім беру ұйымдар кітапханаларын перспективті дамытудың және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары негізінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай №10 қазақ мектеп-гимназиясында жаңа кітапхананың ашылу салтанаты өтті, - делінген мәліметте.
Аудан басшысы оқушылар мен барша тұрғындарға әркез көркем әдебиетпен сусындап, рухани ортадан алыстамаудың маңызын айтып, жылы лебізін білдірді.