Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың айтуынша, Ақшәулі ауылындағы спортзалды жөндеуге мердігер «ДК проект» ЖШС қаржылай қолдау көрсеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Әлбетте, бұл мақтауға лайық іс. Спортзалдың едені шіріп кеткен еді. Кәсіпкер оны қайтадан қалпына келтірді. Бұдан бөлек, спортзалға қажетті жаттығу құрылғыларын сыйға тартты. Еліміздің қай жері болмасын, оны өркендетіп, өрлеуіне үлес қосу әр азаматтың абыройлы борышы деп білемін. Бұл серіктестік өкілдерінің мәрттігін айтпай кетуге болмас. Келесі жылы ауыл жолдарын тегістеп, құм төсеп беруге уәде етті. Осындай адал ниетті, сөзіне берік жандар барда еліміз көркейіп, ауылдарымыз өркендейтініне сенімдімін, – дейді аудан әкімі.