Аягөз ауданындағы ХҚКО ғимараты кеңейтілуі мүмкін

1046
көрілім

Аягөз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты тарлық етуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев ХҚКО-ға арнайы барып, жұмысын бақылады.

- Мұнда тағы да өзге қызмет түрлері іске қосылған. Мысалы, жүргізуші куәлігін, автокөліктердің құжаттарын енді осы орталықтан алуға болады. Бірақ ХҚКО ғимараты қазір тар болып тұр. Сондықтан алдағы уақытта ғимаратты кеңейту немесе басқа нысанға ауыстыру бойынша жұмыстарды қолға алатын боламыз, - дейді Ділдәбек Тәжібайұлы.