Аягөз ауданындағы тоғыз мектепке хоккей формаларын сатып алуға қаражат бөлінеді

833
көрілім

Аягөз ауданында қысқы спорт түрлерін дамытуға баса маңыз беріліп келеді. Қысқы спорттық жарақтарды сатып алу үшін ғана жергілікті бюджеттен 10 миллион теңгеден аса қаражат бөлінбек. Бұған қоса Аягө қаласында хоккей модулін салу жоспарланған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында ауданның 10 мектебіне (Горный, Есімжанов, Бозай, Т.Көбдіков, Қадыржанов, С.Сейфуллин, А.Көшкімбаев, Ақшәулі, Тарбағатай, Сарыарқа) 20 жұп шаңғыдан, 9 мектеп оқушыларына (Т.Көбдіков, С.Нұғыманов, Қадыржанов, С.Сейфуллин, Майлин, А.Көшкімбаев, Ақшәулі, Тарбағатай, Сарыарқа) хоккей формаларын сатып алуға қаржы бөлініп отыр. Жалпы есептегенде, қысқы спорттың жарақтарды сатып алуға 10 миллион теңгеден аса қаражат бөлінбек.

Біздің өңірде футбол, күрес, бокс сынды спорт түрлері дамыған. Ендігі кезекте ауданда кенже қалған қысқы спорт түрлерін дамытуға маңыз беріліп келеді, – дейді Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Жандос Аманов.

Сондай-ақ, Аягөз ауданындағы Емелтау ауылының Т.Көбдіков орта мектебі мен Мыңбұлақ орта мектептеріне күрес кілемдерін сатып алуға қаражат бөлінген. Орталық стадионға қолдан жасалған газон жайылмақ.