Аягөз ауданының әкімі тұрғындарды қабылдауын тоқтатты

467
көрілім
Фотосурет tolmaslihat.gov.kz сайтынан

Бұл туралы аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Ділдәбек Тәжібайұлы тұрғындарды қабылдауын тоқтатса да, толғандырған кез келген сұрақтарына әзір екендігін жеткізді.

– Құрметті Аягөз ауданының тұрғындары мен қонақтары! Ел аумағында 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілді. Осыған байланысты жеке қабылдауымды уақытша тоқтатуға мәжбүрмін. Бірақ сіздер әрдайым әлеуметтік желілер арқылы менімен байланыста бола аласыздар. Сіздерді толғандыратын сұрақтарға уақытында және толыққанды жауап беруге дайынмын, – деді ол.