Бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан басшысы бүгінде интернеттің сапасын жақсарту, сондай-ақ бұрын-соңды болмаған елді мекендерге желі жүргізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
- Біз мобильді операторлармен келіссөздер жүргіздік. Биыл Малкелді, Тарбағатай және Майлин ауылдық округтерінде 4G, 3G желілері орнатылды. Сондай-ақ Мыңбұлақ ауылында антенналар орнату жұмыстары жүргізілуде. Қарағаш және Емельтау ауылдық округтерінде интернетке байланысты мәселелер шешілуде. «Транстелеком» келісімі бойынша Тарлаулы ауылының әкімшілік ғимараттарынан басқа 70-ке жуық тұрғын жылдамдығы жоғары интернетпен және сапалы теледидармен қамтамасыз етілген, - деп атап өтті Сейілбек Ысқақов.
Қазіргі уақытта Аягөз ауданы бойынша «Қазақтелеком» АҚ талшықтық-оптикалық байланыс желісіне Байқошар, Малкелді, Мәдениет, Өркен, Айғыз және Нарын сияқты ауылдық округтер қосылған.