Аягөз қаласының әскери госпиталінің медицина қызметкерлері гарнизондағы әскери бөлімдердің жеке құрамына COVID-19 дертіне қарсы ревакцианция жүргізуде.
Қазіргі таңда қарқынды жұмыс кестесі аясында гарнизондағы әскери қызметшілердің 70% қайта вакцина салдырған.
Айта кетейік, екпе салу науқаны ел Президентінің халыққа ревакцинация науқанын жүргізу жөніндегі жоспарлы тапсырмасына сай жүргізілуде. Осы орайда, Аягөз гарнизоны госпиталінің әскери медицина қызметкерлері бөлім әскери қызметшілеріне екпе жұмыстарын жүргізуде.
Алғашқы кезеңіндегідей вакцина салу алдында әрбір әскери қызметшінің әрбірі медициналық тексерістен өткізілуде. Әскери дәрігерлер тарапынан Отан қорғаушыларға вакцина алудың артықшылықтары мен қоғау үшін маңыздылығы түсіндірілуде.
– Ревакцинацияның маңызы зор екенін айтқым келеді. Жалпы екпе салу алдымен өзіміз бен отбасымыздың және ортадағы адамдардың денсаулықтары үшін қажет. Қазіргі кезде Аягөз гарнизондағы эпидахуал жақсарып келеді, - деді Аягөз гарнизонының әскери госпиталь бастығы медицина подполковнигі Дулат Мергенбаев.
Бүгінде қаламыздағы ел тыныштығын қамтамасыз ететін әскери бөлімдер орналасқан жерлерде медициналық қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастырылған. Әскери дәрігерлер жеке құрамның денсаулығына баса назар аударып, ұжымдық саулықты жіті қадағалауда.
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі