Аталған жоба "Солтүстік" мөлтек ауданында қолға алынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Аягөз ауданы, Аягөз қаласының «Солтүстік» мөлтек ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 103 млн теңге құрайтын жоба іске асырылуда. Жоба Аягөз қаласының «Солтүстік» аумағындағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған 167 жер учаскесін су жүйесімен қамтамасыз етеді, - делінген мәліметте.