Аягөз қаласында 15 отбасы баспаналы болды

556
көрілім

Аудан әкімдігі мұны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып, тұрғындардың қатысуымен салтанатты түрде өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында бой көтерген баспаналар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына арналған. Аталған шараға облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.

Жалпы, Аягөз ауданында тұрғын үй берудің көлемі жыл соңына дейін 73 736 шаршы метр болады деп күтілуде.

- Аталған аумаққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы 2025 жылдың соңына дейін елімізде 1000 мектеп салу міндетін іске асыру мақсатында, облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен 600 орындық жаңа мектеп пен балабақша салу құрылысы жоспарлануда, - делінген мәліметте.

Айта кетсек 2020 жылы Аягөз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екі бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй және «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында екі пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 140 отбасы баспаналы болды.