Аягөз қаласының көшелеріне қиыршық тас төселуде

1573
көрілім

Бұл туралы аудан әкімі Сейілбек Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшысы алдымен қаладағы кәріздік сорғы станциясына (КНС) барып, іле Бектібаев көшесіндегі ауыз су құбырларын тарту жұмыстарын қадағалады.

– Бұған қоса М.Горький көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарына барып, жобалық сметалық құжаттамаға кірмеген суағарларды қосымша жасау, сондай-ақ тұрғындардың сұранысы бойынша А.Көшкімбаева көшесіне дейін қосымша қиыршық тасты төсеу жұмыстарын мердігер компания басшысымен меморандум арқылы жүзеге асыратын боламыз. Бір қуантарлығы, М. Горький көшесінің тұрғындары жол жөндеп жатқан азаматтарға жобалық сметаға енбеген қосымша атқаратын жұмыстары үшін ризашылықтарын білдіруде.