15 мамыр күні Аягөз қаласының маңында жер сілкінді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық сейсмология орталығының хабарлауынша, магнитудасы 4,6 балдық жерасты дүмпуінің эпицентрі Аягөз қаласынан шығысқа қарай 140 шақырым қашықтықта орналасқан көрінеді. Таңғы сағат 7.25-те тіркелген жер сілкінісі аудан тұрғындарына сезілген жоқ.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ