Ер адам 200 метр бойы өмір үшін арпалысып баққанымен, оны ағын судан құтқару мүмкін болмапты.
ұтқарушылар көктемгі су тасу кезінде аса сақ болуды еске салады. Мәселен, тереңдігі 15 сантиметрлік ағын су адамға қауіп төндірсе, 50 сантиметрлік тереңдік тіпті автокөлікті ағызып әкетуі мүмкін.
– Жол машақатынан құтылу үшін ауыл адамдары өзеннің екі жағасына арқан тартып, сол арқылы өзеннің арғы бетінен бері заттарын өткізген. Бұл әдіс уақытты үнемдеп, біршама қиындықтан арылтып жүрген. Күндердің күнінде алып келе жатқан қап өзеннің тура ортасында тұрып қалады да, аталған азамат арқанды ұстап тұрып-ақ өзенде өз күшімен қозғалуға бел шешеді. Алайда мұның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды, – деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Аян ӨРІБАЕВ