Аягөзде дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізілді

1120
көрілім

Аягөз қаласында дәрілік заттардың өткізілуі және шектік бағаның сақталуын қадағалау мақсатында жұмыс тобының мүшелері дәріханаларға мониторинг жүргізді, деп хабалайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мониторинг барысында Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен шекті бағаларды қатаң сақтауды және маскалық режимді үнемі бақылауда ұстауды айтты. Барлық дәріханаларда санитарлық талаптарға сай тазалық сақталғаны, дәрі-дәрмек бағасының да тұрақтылығы байқалды.

Қорытындысында ауданға қажетті дәрілерді анықтап, керекті дәрілерді алу туралы сұраныс берілді.