Аягөзде экстремистік бағыттағы кітапты сақтаған азамат жазаланды

791
көрілім
Жауапкер кітапты экстремистік деп танылғанын білмеген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабының 4-бөлігімен айыпталған азаматқа Аягөз аудандың сотының шешімі шықты.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сот отырысында жауапкер өзінің кінәсін толық мойындап, авторы Ю. Кандехлавидің «Избранные хадисы» кітабын сот шешімімен экстремистік деп танылғанын білмегенін айтқан. Соттың қаулысымен аталған бап бойынша жауапкер кінәлі деп танылып, оған осы баппен өнімді тәркілей отырып, 100 АЕК (226900 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енді.

Мейрамбек Қосажан