Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында балалар арасында көп кезеңді облыстық спорттық жарыстар өткізу ережесін басшылыққа алып, аудандық білім бөлімі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімдері, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бірігіп, аудандық кезеңін өткізді.
Мақсаты мен міндеттері
- Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі «Жолдауын іске асыру»;
- дене шынықтырумен айналысатын және салауатты өмір салтын насихаттайтын жасөспірімдер балаларының санын көбейту;
- жарысқа қатысушылар арасында жағдай жасау және ынталандыру, жеке және командалық қасиеттерді дамыту, спорттағы өз әлеуетін ұзақ мерзімде іске асыруға қолдау көрсету;
- Спорттың 11 түрінен болған жарысқа ауданымыздың білім мекемелері қатысты. Әр спорттың түріне жауапты мұғалімдер тағайындалып, барлық жарыстар жоғарғы деңгейде өтті. Жалпы мектепішілік кезеңге 5440 оқушы қатысса, аудандық кезеңге 1250 оқушы қатысты, - делінген мәліметте.
Жарыс түрлер төмендегідей болды: Жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, асық, қазақ күресі, волейбол (ұлдар, қыздар), баскетбол (ұлдар,қыздар), шағын футбол және дзюдо.
Барлығы 114 оқушы аудан құрама командасына қабылданып, ендігі кезекте облыстық жарыстарға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық кезеңі жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен, кубоктарымен мараптталды.