Аягөзде төтенше жағдай кезінде баласының туған күнін жасаған әйелге айыппұл салынды

711
көрілім

Аягөз ауданының тұрғыны отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан үйде баласының туған күнін тойлатқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде төтенше жағдай режиміндегі шектеулерді сақтамағандар анықталуда. 30 наурыз күні әйел адам 14-ке толған ұлының туған күнін жасаған. Осы тектес факті Семейде де тіркеліпті. Наурыздың 28-інде қала тұрғыны жергілікті демханалардың біріне қонақ шақырып, сәбилі болуын атап өткен.   
- Екі жағдайда да заңбұзушылыққа жол бергендер сот шешімімен 10 АӘК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Осы ретте, аймақ жұртшылығын ТЖ кезіндегі шектеулерге жауапкершілікпен қарау керектігін ескертеміз. Заң талаптарының сақталуы коронавирустың таралу қаупін барынша төмендетеді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.