Аягөзде жас сарбаздар Қарулы күштер ардагерлерімен кездесті

19245
көрілім

Аягөз қаласындағы № 6 мектептің кадет сыныбы Қарулы күштер ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Басқосуға запастағы әскери қызметшілер Рымбек Бейсеков, Қайырбек Каникенов, Нұржан Нұржауов, Жанат Марденғалиев, Милат Нүрпейісов және гарнизондағы танкистер бөлімінің үздік спортшылары қатысты.
–  Ерлік сабағының мақсаты-жеткіншектерге әскери-патриоттық тәрбие беру. Жастар – біздің болашағымыз. Оларды төзімділік пен шыдамдылыққа, оптимизмге баулу – аға ұрпақ өкілдерінің парызы. Бұл іске Қарулы күштер ардагерлері лайықты үлес қосып келеді, – деді Ауған соғысының ардагері запастағы майор Рымбек Бейсеков.
Шара барысында танкистер құрамасының спортшылары Сұңқар Қуанышев пен Александр Масяев кадет сыныбымен емен-жарқын әңгімелесіп, үлгі болар оқиғаларымен бөлісті.
Еліміздің жарқын болашағы жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу қашанда басты міндеттердің бірі болып қала бермек.