Аягөзде жастар форумы өтті

769
көрілім

9 желтоқсан күні Аягөз ауданында жастар бас қосқан үлкен форум өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жастар жылы аясында өткен форумға аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, қоян-қолтық жекпе жектен Германияның Лейпцинг қаласында өткен әлем кубогінің күміс жүлдегері Айбек Саметаевты «Аягөз мақтанышы» төсбелгісімен және білім, ғылым, спорт саласында облыстық, республикалық, әлемдік додаларда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жастарды марапаттады.

- Киелі жердің жастары да кіл дарынды әрі белсенді екеніне көзім жетті. Олар ауданымыздың ертеңі үшін алаңдаушылық танытатыны көрініп тұр. Мұндай жастар барда біздің болашағымыз айқын, ертеңіміз мығым болатынына сенімдімін, -дейді аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев.

Сонымен қатар аймақ басшысы ауданда атқарылатын жұмыстармен, алдағы жоспарлармен бөлісіп, жастардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Қойылған салуалдарға қатысты, арнайы бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.